jasqazaq.kz

Ресей армиясында жаңа лазер қаруы пайда болды

03 тамыз 2016, 11:04

Лазер қаруының жеке үлгілері Ресей армиясының қару-жарақтары арсеналына қабылданды, деп хабарлайды РИА НовостиРесей Қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисовқа сілтеме жасап.

Ресей федералдық ядролық орталығы — бүкілресейлік эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институтының 70 жылдығына арналған салтанатты шара барысында Борисов жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қару жасаудың жүзеге асқанын атап өтті.

«Бұл таңсық дүние емес, эксперименттік үлгілер емес — лазер қаруының жеке үлгілерін қарулар қатарына қосып үлгердік», — деді Борисов.

Жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қару — дәстүрлі қару-жарақта (пышақ, мылтық) немесе жаппай қырып-жоятын (ядролық, химиялық, бактериологиялық) қаруларда пайдаланылмаған физикалық процесстер мен көріністер негізінде жасалған қару.

Операциялық принципіне байланысты, жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қару лазерлік, радиожиіліктік, шоғырлы, кинетикалық қару болып бөлінеді.

Бұдан бұрын Борисов қаруланудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қарулар Ресей қарулы күштерінің келбетін көрсететінін хабарлаған еді.

ҚазАқпарат 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде