jasqazaq.kz

Ресей 300 мың гектар жерді қайтарады

23 ақпан 2017, 13:03

Ресей 22 жыл бұрын жалға алған жерлерді Қазақстанға қайтарады. Бұл Ақтөбе облысындағы Ембі әскери полигоны — 300 мың гектардан аса. Мұндай жарлықты Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Жалға алу келісімінің мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтарында аяқталған.

tengrinews.kz хабарлағандай, қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, полигонды Қазақстанға қайтару үшін арнайы комиссия құрылады. Айтуынша, Қазақстан міндеттерді орындау мәселесінде ресейлік тарапқа шағымы жоқ екен.

«Полигонды жалдан шығару өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін береді, қайтарылатын жерлер кәсіпкерлердің мүддесіне пайдаланылуы мүмкін, мұнда ауыл шаруашылығымен, пайдалы қазбаларды іздеу және өндіруді ұйымдастыру істерімен айналысатындарға қолайлы. Осы арқылы мемлекеттік бюджетке жаңа қайнаркөзден табыс түседі. Полигонның телімдері әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың құрылысына пайдаланылуы мүмкін», — деді Талғат Мұхтаров.

Минстрдің орынбасары осының алдында ресейлік тараптың Қазақстанға полигонда орналасқан жылжымайтын және орнықты мүліктің бардығын өткізіп қойғанын айтты. Оның ішінде тұрғын-казармалық қордың 15 ғимараты бар.

Еске салайық, 1960 жылдың 10 мамырында Ембі-5 әскери қалашығы құрылған еді. Полигонда әуе зымыран ПВО CB, «Круг», «Куб», «Бук» , «TOP», «Оса», «С-300B», «Тунгусской» әуе қорғаныс С.В. жедел тактикалық қысқа ауқымды зымыран сыналды.

Ресей жыл сайын Қазақстанға осы мақсатта ақша төлеп тұған елі. Мәселен, өткен жылы 7 миллиард теңге шамасында қаражат түскен болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде