jasqazaq.kz

Рейтинг емес, іс керек

04 қыркүйек 2020, 12:00

Белсенді блогерлер мен Telegram каналдың тасасында көрінбейтіндердің сүйікті тірлігі бар. Ол — рейтинг жасау. Тегін емес, әрине. Тапсырыспен. Білетіндер бұған бөлінетін қаржының қомақты екенін айтады. Содан шығар, өз әріптестері арасында топжарған атқамінердің осынау мәртебелі атаққа шынымен лайықты екенін дәлелдеу үшін пайызбен өрнектелетін небір көрсеткішті көлденең тартады. Негізгі капиталға салынған инвестицияның молайғанын, жұмыс орындарының мыңдап ашылғанын, сол өңірдегі жұрттың басым бөлігінің әлгі әкімді қолдайтынын да қосып қояды. Қашан жүргізілгені немесе қанша адамның қатысқаны белгісіз сауалнаманың нәтижесін дәлел мен дәйек етіп көрсетеді. Қысқасы, оқып отырып, иланып қалуыңыз да ғажап емес.

Айналасы жұп-жұмыр болып келетін әдемі рейтингте ең басты критерийге жауап жоқ. Атқарылған не қолға алынған нақты шаруа жөнінде айтылмайды. Қанша ауыл мен шағын кент ауыз су, «көгілдір отын», асфальт жол, интернет желісімен қамтамасыз етілді? Қай жерде өндіріс ошағы немесе ет өнімдері мен көкөніс өңдейтін цех ашылды? Сол аумақтың ерекшелігіне орай, шаруашылықтың қандай түрі қолға алынып, әсіресе, жастарды жұмысқа тартуға мүмкіндік туды? Ауыл не кенттегі жұрттың қаладағыдай жайлы өмір сүріп, демалысын мағыналы өткізуі үшін тындырылған нақты іс бар ма? Өкінішке қарай, бүгінгі рейтингтер осы сауалдарға келгенде үнсіз.
Қазіргі қоғам министр мен әкімнің қағаз бетінде қатып тұратын әдемі ақпарына, көбік көрсеткішіне, сұлу сөзіне емес, нақты іске сенеді. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жетісуда жабылып қалған қант зауыттарын қайта ашты. Жылдар бойы қант қызылшасын өсіруге бейімделген диқанды егістікке қайта алып келді. Тұрақты жұмыс пен табыс пайда болды. Бұл бір ғана мысал. Соның өзінен қарапайым жұрт облыс басшының шаруа жайын білетініне, қолынан жұмыс келетініне көзі жетті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Шетсіз, шалғайсыз шаһар» деген бастама көтерді. Мақсат – таза ауыз су мен тегіс жол секілді өркениет игілігіне қолы жетпей жатқан аудандарды өркендету. Бұған дейін бүкіл жақсылық атаулы қаланың орталығына бағытталып, комфортты сондағылар көретін. Биыл қалаға жаңадан қосылған Наурызбай ауданына қарасты кейбір елді мекенде тұңғыш рет су құбыры тартыла бастады. Шет жақтағы Алатау ауданында жолдарды жөндеу қолға алынды. Егер осы жоба ойдағыдай жүзеге асса, құрылысы ұзаққа созылған метроның жаңа стансалары да ашылар. Соның нәтижесінде көшедегі кептеліс азайса, Алматы барлық тұрғындар үшін жайлы қала болар еді.

Президент Жолдауы атқамінердің қызметін де түбегейлі өзгеріске бастайды деп үміттенеміз. Өйткені замана талабы да, қоғамдағы сұраныс та осындай. Әкім өзінің халқына жақын екенін бұрынғыдай сөзбен емес, іспен дәлелдеуі тиіс.

Срайыл Смайыл

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды