jasqazaq.kz

Реформалар Логикасы

17 шiлде 2024, 13:14

Мақала туралы ой

“Время” газетінде жарияланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Маулен Әшімбаевтың «Реформалар логикасы» атты мақаласы
өзіміз күә болып жатқан елдегі үлкен өзгерістерге саясаттану ғылымы тұрғысынан да, қоғамның эволюциялық дамуына мемлекеттік басқарудың ішінде жүрген белді саясаткер көзқарасы тұрғысынан да баға береді. Сондықтан да мұндай терең және жан-жақты талдау қазақстандық эволюциялық даму моделін зерттеушілерге де, қоғамдық дамуды танушылар үшін де, жалпы бүгініміз бен ертеңімізді бағамдайтын көзі қарақты оқырмандарға аса құнды.

2019 жылдан бастап Қазақстан эволюциялық даму элементтерін, кешенді реформаларды және дағдарысқа қарсы іс-шараларды біріктіретін өз дамуының біршама қарқынды кезеңіне аяқ басқаны анық. Бұл тіпті кеңестік тоқырау жылдарынан кейінгі қайта құру процестерін еске түсіруі мүмкін. Мемлекеттік биліктің экономика мен әлеуметтік саланы реформалау міндеттерін орындамауы халықтың наразылығын тудыруы заңдылық. Ал, ол тек саяси реформалардың жүйелі жүргізілуі арқылы іске асатыны белгілі.

Мақаладағы негізгі идея да менің түсінігімде, жаңа әлеуметтік келісімшарттың негізін іздеу және жаңа қоғамдық түсінікті қалыптастыру қажеттілігі. Яғни билік пен бизнестің бітісіп, мемлекеттік қоржынның жекелеген билік пен бизнестің “жанқалтасы” түсінігінің қайтарымсыздығы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші президенттік бесжылдық жоспарының негізгі нәтижелерінің арасында Сенат Төрағасы «мемлекеттік, қоғамдық-саяси және экономикалық институттарды жетілдіру бойынша жүйелі қадамдарды» атап өтті.

Оның “Мемлекеттік жүйенің тұрақты тепе-теңдігінің басты шарты – оны халықтың қолдауы» деген сөзі де толық шындық. Сонымен қатар, бұл қолдау халықтың қоғамды дамытуға белсенді қатысуға өту қажеттілігін объективті түрде айқындайды. Бұл, әсіресе, қызығушылық танытқан азаматтардың онлайн-петицияларды пайдалану үдерісінде байқалуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап қоғам өкілдері әртүрлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдардың қызметіне белгілі бір ықпал ету үшін пайдалана алатын «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Бұл құжаттың жұмыс істей бастауы қоғамдық сананың дамуына да негіз болып отырғаны анық.

Көптен күткен «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды әзірлеу және қабылдау да талап етеді. Әсіресе, жергілікті мәслихаттардың рөлі мен пәрменділігін күшейту арқылы Президенттік реформалардың тиімділігін бұқараның барынша тез сезінуіне мүмкіндік кеңейеді. Осылайша, азаматтардың әртүрлі деңгейдегі шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктері мен тетіктерін кеңейту қажет, бұл өз кезегінде Әділетті Қазақстан құрылысының негізгі факторларының бірі болып табылады.

Бибігүл Жексенбай,
Сенат депутаты

30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
30 сәуiр, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды