jasqazaq.kz

Референдум – ұлтты ұйыстыратын ұйытқы

27 сәуiр 2023, 11:50

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында былтырғы референдумның ұлтты ұйыстырудағы маңызы жоғары екенін айтты. «Мен былтырғы сессияда Ата заңымызға референдум арқылы өзгеріс енгізу туралы бастама көтердім. Көп ұзамай халқымыз өзінің тарихи таңдауын жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді.

Бұл — Ата заңымыз қабылданғаннан кейінгі алғашқы референдум. Біз осы бастама көтерілген кезде ел тағдырын айқындайтын маңызды жолдың бастауында тұрдық. Мақсатымызды айқындап, нақты жоспар құрдық. Түрлі ұсыныс айтылды. Өзгерісті Парламент арқылы жасау қажет деген пікірлер де болды. Бірақ біз әрбір азаматытң пікірін білген жөн деп шештік. Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық деген қағидатты ұстандық. Осылайша келісіп пішкен тон келте болмайтынына бүкіл ел болып көз жеткіздік. Бір жылдың ішінде атқарылған жұмысқа зер салсақ, былтырғы референдумның маңызы зор екенін түсінеміз. Бұл әділетті Қазақстанды құру ісіне бүкіл халықты жұмылдырған науқан болды. Жұртымыз жауапты сәтте ұлт ретінде ұйыса алатынын көрсетті. Референдумның түпкі нәтижесі және халқымыздың басты жетістігі осы», — деді Мемлекет басшысы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі