jasqazaq.kz

Редакция алқасы Қазақстан тарихының екінші томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті

12 қыркүйек 2025, 16:32

Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.
Редакция алқасы жалпы дауыс беру арқылы одан әрі баспаға дайындау үшін басылымның екінші томының қолжазбасын бекіту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жеті томдық еңбектің үшінші томының мазмұнын талқылады.
Авторлар ұжымының жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Аймақтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айболат Көшкімбаев басылымның тұжырымдамасы, мазмұны және құрылымы жөнінде баяндама жасап, «Алтын орда» деп аталатын үшінші томның ерекшеліктері мен жаңалығын атап өтті. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Зиябек Қабылдинов, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев пікір білдірді.
Сондай-ақ редакция алқасының Мұрат Әбдіров, Галина Ксенжик, Радик Темірғалиев, Кенжехан Матыжанов, Дихан Қамзабекұлы, Айдос Сарым, Ханкелді Әбжанов, Мәмбет Қойгелдиев, Меруерт Әбусейітова, Айгүл Сәдуақасова, Болат Көмеков, Ақан Оңғар, Жақсылық Сәбитов секілді өзге де мүшелері өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында редакция алқасы үшінші томды жетілдіру жұмыстарын жалғастыру және келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның төртінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.

Сурет: aqorda.kz

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті