jasqazaq.kz

Рәтбек қажы: Дін үшін Түркияға және араб елдеріне көшкендерді «дурактар» деймін (Видео)

16 қантар 2024, 11:08

«Адырна» ұлттық порталының youtube арнасына сұхбат берген Рәтбек қажы Нысанбайұлы қазақтың дінге көзқарасы жайлы сөз етті.

«Қазақстанға дінді тарқатқан менмін. Оған біреуі бір нәрсе дей алмайды. Қазақтардың коммунистпін, Құдай жоқ деп жүрген уақытта келдім. Жастар комсомолмын, Құдай жоқ деп жүрген болатын. Жаназа шығармай, ақ матаға орамайтын уақытта келгенмін. Маған ешкім ештеңе дей алмайды.

17 рет Сауд Арабияда болғанмын. Патшалары ораза ұстауға сол жерге шақырып отыратын. Күніге әйеліміз екеуміз министрлердің үйінде ауызашарда болғанбыз. Еліміз 100 имамды Түркияға, Египетке, Пәкістанға жіберді. Соның ішінде 100 адамнан бiреуі бітірген жоқ. Шетелге барғандар оқи алмайды. Құр аты ғана. Барып келіп, өтірік айтып жүр ғой. Мысырда оқып келдім, үйттім, бүйттім деп. Дипломы жайлы сұрасаң, түк те жоқ, өтірік, суайт. Түркияға, Арабияға көшіп жүрген ақымақтар бар ғой. Мен оларды «дурактар» деймін, -деді Рәтбек қажы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі