jasqazaq.kz

Рамазан Стамғазиев: Беташарды сауда-саттық жасайтын базарға айналдырды

13 қыркүйек 2023, 10:58

Әнші Рамазан Стамғазиев қазақтың салт-дәстүрі беташарын қазіргі кезде бизнеске айналдырып жібергеніне қапалы.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

«Қазір беташарды бизнесқа айналдырып жіберді. Кейде асаба қайын атасы беташарға ақша салса, кетіп бара жатқан жерінен тоқтатып, екінші рет салғызып жатады. Жалғыз баласы үйленіп жатса ол несін аяйды? “Сал да сал” деп елдің алдында беташарды сауда-саттық жасайтын базарға айналдырып жібереді. Беташар ондай болмайды. Ауылға келін түсіп жатқанда, ауылдың ел сыйлайтын ақсақалдарын, ақын-жырауларын жинайды. Беташарда олар келінді ата-тегінен тартып, келген жерін сұрап, сәлемін салғызып, халқымен таныстырып, ортаға сіңіп кетуге жағдай жасайды. Отырып алып, біреуден ақша жинап, салған ақшасын аз көріп, шоуға айналдырып жіберуге болмайды. Мен қазір де бет ашып жүрмін. Бірақ біреуге барып: “Сен осынша ақша салуың керек” деп айтпаймын”, – дейді Рамазан Стамғазиев.
Әнші беташар кезінде келіннің бетін ашқан әншінің тапқанына, табаққа таласатындардың барын да жасырмады.
“Өздері тойға шақырады, бетін ашқан соң ақшасын санап, табаққа таласатындар бар. “Бұл Құдайдың берген ризығы ғой. Мен біреуді зорлап тойына барып жатқаным жоқ. Мен ашамын деп таласып жатқан жоқпын. “Ағаның жолын берсе екен, жастардың жолы ашық болса екен” деп шақырып алып, сәлемін салғызып, табаққа түскен ақшаға таласқандарың болмайды” деймін. 1-2 тиын түсcе де, келіннің бетін ашып жатқан адамға берілу керек. Ол тойдан қайтады. Кейде бауырларымыз мен танитын үлкен ағаларымның, онымен жұмыс істейтін үлкендерге қоңырау шалдырып, жоғарғы жақтан сұратады. “Ала қойыңдар, жастардың бақытына берейін” деймін. Күнім оған қарап қалған жоқ”, – дейді өнер иесі.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі