jasqazaq.kz

«Рамазан — рухани тәрбие айы»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

18 сәуiр 2023, 15:38

Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рамазан — рухани тәрбие айы» тақырыбында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Орталық Азия Инновациялық университетінің жастарымен кездесті,

Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни сауаттылық бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және жат ағымдардан аулақ болуға шақыру. Іс-шара барысында қасиетті ай туралы түрлі ақпараттар айтылды. Қатысушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен кері байланыс жасады.

«Рамазан – айлардың ішіндегі сұлтаны, мұсылман қауымының сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Өйткені, адам баласының тәнін, жан дүниесін тәрбиелейтін ораза құлшылығы осы айда парыз етілген. Сонымен қатар, адамзатты ақиқат жолға үндейтін қасиетті Құран кітабы осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда жасалған әрбір жақсы амалдар елеусіз қалмай, сауабы еселене түседі, — деді Анарғали Пірәліұлы.

Кездесу соңында жастар сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөнінідегі басқарма басшысының орынбасары Әбілхаиров Серғазы Кәрімұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Серғазы Кәрімұлы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуында жеткізген нәтижелер мен алдағы уақытта атқарылар жұмыстың жоспарларын талқылады. Қаламыздағы шалғай орналасқан елді мекен жұмыстарын жандыру қажеттігін жеткізіп, жастарға жеңілдетілген 2,5% несие бойынша да сөз қозғады. Одан бөлек, алдағы уақытта іске-асырылатын жобалар туралы да сөз болды. Айта кетейік, жастардың қатысуымен өткізілетін мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура