jasqazaq.kz

Райымбек Сейтметов театрында жаңа маусым ашылды

14 қыркүйек 2023, 16:58


Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, құттықтады.

– Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының мәдениет саласын дамыту жөніндегі тапсырмасымен облыс орталығында игі бастамалар қолға алынып, жаңа мамандар келіп жатыр. Облыстағы 3 театрымызда да оң өзгерістер орын алуда. Міне, соның бірі осы қарашаңырақ ғимаратына былтыр күрделі жөндеу жасалды. Ал биыл Райымбек Сейтметов ағамыздың 85 жылдығына орай республикалық театр фестивалі өтеді. Бүгінгі маусымның ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Мол табысқа жете беріңіздер, – деді басқарма басшысы.
Жаңа маусым украиндық драматург Мария Ладоның «Болмаған оқиға» драмасымен ашылды. Жақында ғана тұсауы кесілген қойылымда әлем дамыған сайын адам баласының қатыгездігі қатар күрделеніп жатқаны туралы баяндайды. Ал жер бетіндегі хайуандардың адамнан мейірімді, жүрегі жұмсақ екенін біз біле бермейміз. Білсек те өзімізді жоғары санап мойындамаймыз. Неге? Міне, жауабы жоқ сұрақтарға театр әртістері сахна арқылы жауап беруге тырысады.
Шығарманы қазақ тіліне аударған Құжырғали Төлеуішев. Театрдың көркемдік жетекшісі – А.Наурызбаев. Қойылым режиссері – Махамбет сыйлығының иегері М.Томанов, суретшісі – Қ.Шериев. Рөлдерді К.Аштекова, Ә.Жұман, Ж.Адырбекова, Ж.Маханов, А.Ильясов, Ғ.Бейсенбаев, М.Құрманбеков, А.Индемесова, Ж.Сейдахметова, Т.Қарынбаев, Б.Шаймахан сынды театр әртістері сомдап шықты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі