jasqazaq.kz

Райымбек ауданында шешендік өнерден байқау өтті

30 сәуiр 2024, 12:13

Ұлттық рухани мұрамызды ұлықтау, аталы сөздің абыройын асқақтату мақсатында Алматы облысы Райымбек ауданындағы мектеп оқушылары арасында алғаш рет «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгеру, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөз өнеріміздің тарихи-мәдени және этномәдени болмысын тану, сөз құндылығын бағалау. Ұлттық тәрбие беру мен мемлекттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру.

Алғашқы қадам ретінде өткен шешендік сайысқа Райымбек ауданына қарасты 16 мектептен 16 оқушы қатысып, 4 кезеңнен тұратын жекпе-жек түріндегі сөз додасында бақ сынады.

Байқауға қазылық жасап, оқушылардың сөйлеу шеберлігін жетілдіруге бағыт-бағдар беру үшін Алматыдан арнайы ұлт жанашырлары, әдебиет пен өнердің майталман мамандары мен БАҚ өкілдері барды.

Байқауға Райымбек ауданы Жамбыл ауылының тумасы Олжас Тұрсынқожа демеушілік жасады. Республикалық «Ділмар» шешендік өнерді дамыту клубының жетекшісі Жарқын Сәленұлы, Райымбек ауданының білім бөлімі, С.Әшімбаев атындағы орта мектеп және Жамбыл ауылының әкімдігі игілікті іс-шараны бірге ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені С.Әшімбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Айерке Мақсатқызы иеленді. 1-орынды Көксай орта мектебінің оқушысы Нұрай Жақыпбековаға бұйырса, 2- орын Албан-Асан Барманбекұлы мектебінің оқушысы Балнұр Сейілханқызына, ал 3-орын Жәмеңке орта мектебінің оқушысы Рамазан Зиядосқа бұйырды. Жүлделі орын алған оқушылар мен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Байқаудың бас төрешісі ұлағатты ұстаз СДУ-нің профессоры Береке Дәулетханқызының айтуынша өскелең ұрпақ үшін шешендік өнердің маңызы зор.

Ол: « Бұндай жарыстар оқушыны қашанда шыңдайды. Жиі өтуі оқушылардың бірінен-бірі өтуіне, білімге деген ықыласын жетілдіріп, адамдық рухын дамытады. Сондықтан осындай жарыстар жиі өтуі керек деп ойлаймын»,-деді.

Аспантау жерінде өткен шешендік өнер сайысы оқушыларды жігерлендіріп, рух берді. Аталған іс-шара жыл сайын өтетін дәстүрге айналмақ.

Мақпал Ноғайбаева

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі