jasqazaq.kz

Р.Скляр: «Тасқын су басқан тұрғын тасада қалмайды»

02 мамыр 2023, 11:56

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға мәжіліс депутаттары сауал жолдап, көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетілуін сұраған болатын. Депутаттық сауалға жауап берген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына қаржылай қолдау көмек көрсетілгенін жеткізді.

«Су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету мәселесі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің тұрақты бақылауына алынған. Оның аясында залалды анықтау, қаржылық көмек көрсету және үйлерді салу жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда берілген өтініштерге сәйкес келесідей көмектер көрсетілді: Ақтөбе облысының әкімдігі жалпы сомасы 44 млн теңгеге 88 отбасына 500 мың теңгеден сертификат берді. Сондай-ақ, зардап шеккен үйлердің меншік иелері «Қызыл Жарты Ай» қоғамдық қорынан әрбір отбасы мүшесіне (403 адам) 100 мың теңгеден, жалпы сомасы 40,3 млн теңге демеушілік көмек алғаны» жазылған Үкімет басшысының бірінші орынбасарының жауабында. Р.Скляр Батыс Қазақстан облысында зардап шеккен 78 отбасына «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 13,5 млн теңгеге 50 АЕК мөлшерінде қаржылық көмек көрсетілгенін айтты. Сонымен қатар, Орал қаласында, Бөрлі және Сырым аудандарында зардап шеккен 189 үй иесі «Қызыл Жарты Ай» қоғамдық қорынан отбасының әрбір мүшесіне (1 017 адам) 100 мың теңгеден жалпы сомасы 101,7 млн теңгеге демеушілік көмек алғанын жазды. «Қалған зардап шеккен тұрғын және саяжай үйлері бойынша келтірілген залалдың мөлшері есептеліп жатыр. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қаржылық көмек көрсету жоспарланған. Атырау облысы бойынша тұрғын үйлерді су басудың болмауына байланысты әкімдік материалдық көмек көрсетуді көздемейді», — деп жазды депутаттардың сауалына қайтарған жауабында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі