jasqazaq.kz

Р.Скляр: «Екібастұздағы келеңсіз жағдай қайталанбайды»

11 сәуiр 2023, 14:03

Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр биыл қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласында келер жылы мұндай келеңсіздік болмайды деп сөз берді. Бірінші вице-премьер жылу жүйелері мен жылу электр станцияларына жүргізген аудит аяқталғанын атап өтті.
«Министр мен әкімдік тексеру аяқталғанын, ЖЭО-ның өзіне де, жылу желілеріне де ақша бөлінетінін хабарлады. Жөндеу жұмыстары толық көлемде жүргізіледі, деп сендірді облыс әкімі, мен оны қолдаймын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды. Мемлекет жеке нысандарды жөндеуге қаражат бөле алмайды, сондықтан мемлекет бұл жағдайда ЖЭО нысандары мен инфрақұрылым — жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жылу желілері жайында айтсақ, 5,3 шақырым — бұл жаңа құрылыс болады. Қаланы жылумен жабдықтауды жақсартып, бастапқыда теңгерімсіз болған жылумен жабдықтау жүйесін жақсартуға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа жылу желілері құрастырылады. 50 пайызы – коммуналдық меншікке алатын техника, ол бюджет қаражаты есебінен жөнделеді деп бірнеше рет айттым. Жылу желілері үшін де солай. Қалғаны паритеттік негізде. Осылайша, келесі маусымда жылуға қатысты мәселелер болмайды. Коммуналдық меншікке алған қондырғыларымызды, жылу желілерін немесе ЖЭО жабдықтарын өз қаражатымыздан қаржыландырамыз. Үлескерлерге тиесілі жабдықты солар қаржыландырады. Осылайша, қаржыландыруды бірлескен күш-жігермен арттырып, мәселені шешеміз», – деп уәде берді. Қарашаның арқаңды қаритын қара суығында жылусыз қалған екібастұздықтар өткен қысты ұмытпасы белгілі. Оларға жылы сөз, құрғақ уәде емес, жылу құбыры мен жылыту қазандықтарының жаңаланғаны керек.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура