jasqazaq.kz

Qazaqstan телеарнасы әнші Ақбота Керімбекованың сынына жауап берді

16 қыркүйек 2024, 15:40

Танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде «Жұлдызды жұп» бағдарламасына қатысты өкпе-назын жариялаған болатын. Оған бағдарламаға қатысу үшін Астанаға ұшып келген әншіні қонақ үйге орналаса алмауы себеп болды. Жоба продюсерінің дөрекі жауап бергеніне «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашнанына налимын» деп, біраз мәселені қозғады.

Көп ұзамай Qazaqstan ұлттық арнасы әншіге жауап берді. Онда:

Qazaqstan телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі «Жұлдызды жұп» бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақүй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақүйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақүйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты», – делінген.

Телеарна баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарламаға қатысушылар мен олардың репертуарын корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді. Әнші сынаған Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Сондай-ақ бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері арнаның бұған дейінгі «Егіз лебіз», «Дара бала» сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова екен.

Хабарламада: «Qazaqstan» телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді», – делінген.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде