jasqazaq.kz

Qarakesek есірткі құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады

26 қыркүйек 2025, 14:38

Қазіргі кезде тергеу жалғасып жатыр. Qarakesek лақап атымен танымал Омар Амантаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді.

inform.kz хабарлағандай, Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік іспен қатар қылмыстық істі де қозғаған. Қыркүйек айының басында мас күйінде «Kia Rio» көлігін жүргізген рэп орындаушысы енді Қылмыстық кодекстің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Qarakesek ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Егер іс сотқа жетіп, оның кінәсі дәлелденсе 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге түзету жұмыстарына тартылады. Қылмыстық іс бойынша 40 тәулікке қамаққа алынуы да мүмкін.

Фото: Гәкку

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті