jasqazaq.kz

Пышақпен қорқытып 5 миллион теңгесін алған (Видео)

10 сәуiр 2023, 15:44


Түркістан облысында тұрғынды пышақпен қорқытып, 5 миллион теңге бопсалаған күдіктілер құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Түркістан облыстық полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер күш қолданып 5 миллион теңге бопсалағанын айтқан. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (қорқытып тартып алу) бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға жедел кіріседі.
«Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны. Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ бірінің үйін тінтігенде алты оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді Polisia.kz.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі