Владимир Путиннің фотосынан қатты шошитын мысық желіде танымал болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Бұл жайттың видеосы он мыңнан астам қаралым жинаған. «Баба і кіт» қоғамы жариялаған видеода қожайыны мысыққа Путиннің фотосын көрсетеді.
Бұған мысық бірден ысылдап, фотоны тырнауға кіріскен. Төрт аяқты жануар не себепті Путиннің бейнесін жақтырмағаны белгісіз. Дегенмен бұл жайт бірталай желі қолданушыларының көңілін көтерген.
«Ақылды мысық екен, енді оған Порошенко мен барлық депутаттардың фотосын біртіндеп көрсету керек», — деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.