jasqazaq.kz

Психолог Серікгүл Сәли: Төреғалиді ақтау — үлкен трагедия

16 маусым 2023, 15:41


Төреғали Төреәліге қатысты оқиға қоғамда үлкен резонанс тудыруда. Көпшілік әншінің бұл әрекетін түсінуге шақырса, мамандар «Ұлы дала баласының» әрекеті мүлде ақтауға келмейтінін айтады. Психолог Серікгүл Сәли әншінің бұл әрекетін мүлде ақтауға болмайтынын айтты. «Халықтың алдында жауапкершілік болу керек. Әлеуметтік желіде қаншама оқырмандар бар. Солардың басым бөлігі — жастар. Сол жастар маған еліктейді, маған ереді. Мен оларға нені үлгі етіп жатырмын? Не айтып жүрмін? Өзімді қалай ұстаймын? Жауапкершілікті сезінуім керек деген ой болуы керек. Өнер мен мәдениетте жүрген адамдар — көшбасшылар. Бұлар елге, халыққа мәдениетті насихаттаушылар. Мәдени жағынан тәрбие берушілер. Біздің тәрбиелеушілеріміздің өзі осындай болып жатса, жас ұрпақтан не күтуге болады? Әні арқылы олардың сезіміне әсер еткен болса, көпшілік сол кісінің толықтай көшірмесін жасайды. Қаншама комментарий оқыдым, көбі ақтап жатыр. Түсініп жатыр. «Оны кешіру керек, қолдау керек», — дейді. Мұның өзі — үлкен трагедия. Сондай жағдайдың өзін ақтап жатыр. Маман ретінде бұл «ауру» дегенге кетіп қала беремін. Бірақ сол ауруды өзі қолдан жасады ғой. Бұл — үлкен жауапкершілік. Біз мақтап, мадақтап, ақтап ала алмайтындай нәрсе», — деді Серікгүл Сәли.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі