jasqazaq.kz

Психолог: 5-6 бала туып, миы ашып жүретіндерге кеңесім бар

05 қараша 2024, 14:53

Психолог Ержан Мырзабаев балаларды бірінен соң бірін дүниеге алып келіп, жүйкесі мен денсаулығы сыр беретін көпбалалы аналарды сынады. Ол әлеуметтік желіде, баланың санына емес, сапасына, отбасында дұрыс тәрбие алуына мән беру керек екенін айтты.

«Декретке бір кіріп, 10-15 жыл декреттен шыға алмай кететін әйелдер бар. Бірінен кейін бірін 5-6 бала туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Мен Қазақстанның демографиясының артуын әрине қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, миыңыз ашып, психикаңыз бұзылатын болса, «агрессивная» болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғатын болсаңыз, «нервный» болып, күйеуіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл 6 баланың өкінішке қарай, сізден алар пайдасы аз. Одан да 3 бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын.

Әр баладан кейін қалпыңызға келіп алыңыз, демалып, өзіңізге келіп алыңыз, миыңызды жинақтап алыңыз. Келесі баланы саналы түрде жоспарлап дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде мүмкін 3-ақ бала туасыз. Бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өсетін болады. 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді»,- деді психолог.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде