jasqazaq.kz

Прокурорлар мен басқа да басшылар зираттан орын сұрап жүр

20 қантар 2017, 17:53

Ақтөбе қаласы маңындағы Благодар ауылдық округінің айналасында 18 зират бар. Ақтөбе қаласына жақын болғандықтан қаза болғандар көбіне осында жерленеді. Ауыл әкімі соңғы уақытта қорымнан орын сұрайтындар көп болып кеткенін айтып, тіпті прокуратура мен басқа да қызметтегі адамдар телефон шалып, мазасын алатынына ашынады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Ақтөбе қаласы, Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Дариннің айтуынша, ауылдың маңы бүгін зиратқа толып кетті. Қазір бұл округте 18 бейіт бар. «Күні-түні телефоным бір тынған емес. Тіпті, прокурорлар да қоңырау шалып, зираттан туысы мен танысына орын сұрайды», — деген әкім мезгілсіз қоңыраудан мезі болғанын алға тартады. Осыдан құтылу үшін ауыл басшысы зиратты заңдастыруды қолға алмақ көрінеді. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 5,5 миллион теңге бөлініп қойған. «Қорымды заңдастыру жұмысы басталды. Енді 18 зираттың техникалық төлқұжаты болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеп, кейін зиратты қоршау жұмысын бастаймыз. Өйткені, ауыл маңындағы бейіт толып тұр. Кейбірі, жергілікті елді мекеннің жері емес, жекенің иелігі. Шаруа қожалығына рахмет айтамыз, олар түсіністікпен қарап, жерлеу рәсіміне тыйым салып жатқан жоқ. Шындығын айтқанда, ол жер заң бойынша Үкіметтің емес, жекенің жері»,- деді округ әкімі Бақұзақ Дарин. Айта кетейік, зиратты заңдастыру жұмысына қаржы өткен жылдың соңында бөлінген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде