jasqazaq.kz

Прокуратура: Жетісу облысының лауазымды тұлғаcы жазаланды

01 наурыз 2024, 10:05

Сот

Жетісу облысында Сот үкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, 2023 жылы еріген судың шайып кетуінен қираған Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғамдық наразылық тудырған.

Прокурорлық тексеру барысында аталған аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды.
Осыдан кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу жұмыстары ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты көрсетіп жобалық-сметалық құжаттама жасамаған және сараптама жүргізілмеген анықтады.

Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаттылығы есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан.
Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден астамды құрады.

Өз кінәсін мойындағаннан кейін, сотталушының жасын және келтірілген зиянды толық өтелгенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства