jasqazaq.kz

Прокуратура: Жетісу облысында қоқыс шығару тарифі төмендетілді

29 ақпан 2024, 10:23

Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуге қол жеткізді.

«Табиғатты қорғау прокуратурасының шаралары арқылы облыстың 5 ауданында (Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласы) коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді», — делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады.

«Қызмет көрсететін компаниялар тарифті өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін қойған. Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді, — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұл 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалғанын көрсетеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың басқа да аудандарында (Алакөл, Кербұлақ және Сарқан аудандары) жалғасын тауып жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі