jasqazaq.kz

Прокуратура алтынды заңсыз іздеушілерге үндеу жасады

20 қазан 2023, 10:31


Ақмола облысының аумағындағы кеніштерге алтынды заңсыз іздеуге түскен 4,2 мың адам жауапкершілікке тартылды.
«Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқаны белгілі.
Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалады.
Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап – 480 адам, 3 реттен артық – 100-ден астам тұлға тартылды.
Сонымен қатар 2023 жылда шахталарда алтынды заңсыз іздеген 3 адам қаза тапты», — делінген Ақмола облысы прокуратурасының мәлімдемесінде.
Мәлім етілгендей, соңғы екі жылда күзетілетін объектіге заңсыз кіруге қатысты сотқа дейінгі 8 тергеп-тексеру шарасы басталған.
Прокуратура еске салып өткендей, қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры