
Fox News арнасының тележүргізушісі Билл О’Рейли Ресей президенті Владимир Путинді «қанішер» деген сөзі үшін кешірім сұрамайтынын ашық жеткізді. Бұл туралы ол дүйсенбі күнгі бағдарламасы кезінде мәлім етті.
«Кешірім сұрау жағын ойластырып жатырмын. Алайда ол үшін біраз қажет болуы мүмкін. Бәлкім, оны 2023 жылдан кейін тексеріп көрермін», – деді О’Рейли.
4 ақпанда О’Рейлиге берген сұхбатында АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинді сыйлайтынын жеткізді. Өз кезегінде журналист Мәскеу мен Путинге қатысты Батыстың айыптауларын еске салып, Ресей президентін «қанішер» деп атады.
«Біздің мемлекет сүттен ақ, судан таза ма еді?», – деп жауап берді америкалық көшбасшы.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков О’Рейлидің ауыр сөздерін айыптап, сол үшін журналистің кешірім сұрауын талап етті. Алайда Трамптың берген жауабына қатысты пікірін білдірмеді.