jasqazaq.kz

Президентке ҚМА төрағасы есеп берді

08 сәуiр 2025, 16:03

Бүгін Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп берілді.
Атап айтқанда, 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталған.
Зардап шеккен азаматтарға 20 млрд теңгеге жуық өтемақы қайтарылған.
Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 млрд теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды.
Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ.
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.
Агенттік ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолын кескен. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылған. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылып отыр:
Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 млрд теңгені құрайды.

24 қаржы пирамидасы жойылды. Алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталған.
22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.
Профилактикалық жұмыс бойынша 567 мың оқушыға және 100 мыңнан астам студентке қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген.
Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілген. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

Президент:
экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды