
Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев әйелі Мехрибан Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Әзірбайжан Конституциясына сәйкес, бірінші вице-президент мемлекет басшысы өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда президент өкілеттігін алады. «Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев сейсенбіде әйелі Мехрибан Арифқызы Алиеваны бірінші вице-президент етіп тағайындады», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.