jasqazaq.kz

Президент: Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру керек

06 ақпан 2024, 15:10

«Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет». Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«Жаңа экономикалық даму жағдайына бейім болып, кез келген қауіп-қатерге төтеп беру үшін Үкіметтің өзі де толық қайта жандануға дайын болуы тиіс. Соның арқасында өзекті мәселелерге жаңа көзқараспен қарап, нағыз реформаторлық шешімдер қабылдау мүмкін болмақ. Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет деп ойлаймын. Бүкіл қоғамның күтіп отырғаны осы. Сол себепті кеше мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтың отставкасы туралы өтінішін қабылдадым. Әлихан Асханұлының басшылығымен Үкімет ел экономикасында және әлеуметтік салада тұрақтылықты қамтамасыз етті. Қарқынды дамуға қажетті маңызды қадамдар жасады», — деді Президент.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мәжілісте Премьер-Министр лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасы талқыланып жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі