jasqazaq.kz

Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты

27 мамыр 2025, 14:43

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Aqorda_resmi Телеграм-каналы жазғандай, жиынды ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті.

Президент қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.
Мемлекет басшысы: «Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді», — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы