jasqazaq.kz

Президент тапсырмасы: «Жайлы мектеп» жобасымен 12 мектеп салынуда

18 тамыз 2023, 18:31

Мемлекет басшысы құрылыста отандық өнімдерді қолдануды басты назарға алуды тапсырған болатын. Осыған орай, кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында іс атқарып жатқан тапсырыс берушілер мен бас мердігерлер, дизайнерлердің отандық тауар өндірушілермен кездесуі өтті. Жиынға қалалық құрылыс және білім бөлімінің басшылары да қатысып, өз ұсыныстарын білдірді. Биыл Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17300 орындық 12 мектеп салынуда.

–Бүгінгі таңда мердігер мекемелер анықталып, келесі жылы пайдалануға берілетін мектептердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, 2024 жылы үшінші мегаполисте 10700 орындық 6 мектептің құрылысы басталмақ. Қазіргі уақытта бас мердігер компаниялар «Ақ ордасы», «Арт құрылыс», «Оңтүстік құрылыс», «Отау строй» құрылыс компаниялары анықталды. Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында Президент тапсырмасына орай отандық құрылыс материалдары, жабдықтар мен жиһаздар сатып алынады. Әлеуетті жеткізушілерге жоғары талаптар қойылады, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ «СТ-KZ» тауардың шығу тегі мен сертификатының болуы маңызды. Әлбетте сапалы өнім өндірушілер Шымкентте көп деп ойлаймын. Бұл кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті арттырып, сапаны жақсартуға кепіл деп білемін,– деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Сәбира Адамбекова.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысандарының басты ерекшелігі – заманауи стандарттарға сай болмақ. Жаңа мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернет, компьютерлік шеберхана, STEM зертханалары, жарық диодты экрандар, электронды кітапханалар болады. Сондай-ақ заманауи үлгіге сай жеке спорт залы мен асханасы, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған блоктар, әр қабатта су фонтандары, бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелері бар интерьермен жабдықталады. Ал, үстел, орындықтарды баланың бойына сай үлкейтіп, кішірейтіп реттеуге болады. Қазіргі ғылымның дамуына сәйкес робототехника кабинеттері, нанотехнология мен биотехнологияны зерттейтін зертханалар, оқу және демалыс үшін коворкинг аймақтары да қарастырылған. Барлық мектептер алдағы уақытта ерекше қажеттіліктері бар балаларға да бейімделіп, волейбол, баскетбол, теннис корттарымен қамтамасыз етілмек.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста