jasqazaq.kz

Президент тапсырмасы: Тұрғындардың мәселесі оң шешімін тауып жатыр

18 шiлде 2023, 15:05

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықпен еркін форматта жиі кездесіп, талап-тілегін тыңдауда. Жыл басынан бері әр ауданда екі рет халықпен кездескен қала әкімі атқарылып жатқан тірліктерді баяндап қана қоймай, негізінен тұрғындарды толғандырған мәселелерге назар аударады. Мұндай жаңа әдіс тиімділігін көрсетіп отыр.

Елді мекендерді аралау барысында қала әкімі Абай ауданының тұрғындарымен 2 рет жүздесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қала әкіміне 122 ұсыныс түскен екен. Бүгінге келіп оның 33-і өз шешімін тауып, 89 мәселе жыл соңына дейін орындалмақ. Ал, 21 мәселені шешу 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Көтерілген сұрақтардың басым басым бөлігі Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайындағы инфрақұрылым мәселесіне тиесілі.

Ал, Қаратау ауданының тұрғындарынан қала әкіміне 105 мәселе бойынша ұсыныс түсіпті. Қазіргі сәтте осы мәселелерді шешу бойынша тиісті басқармалармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде бүгінге дейін 20 өтініш орындалып, 85-і жұмыс барысында, 39 ұсыныстың орындалуы 2023 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Қалған 46 мәселе ұзақ мерзімді қажет ететіндіктен 2024-2025 жылдардың жоспарына енгізді.

Тұрғындардың талап-тілегінің 9-ы Қаратау ауданына тиесілі болса, 39 мәселе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қатысты. Сонымен қатар, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы – 33, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы – 5, құрылыс басқармасы – 5 мәселені қарастырады. Қалған 14 мәселені жер қатынастары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және цифрландыру басқармасы шешімін табуда жұмыс жасап жатыр.

Әл-Фараби ауданында бірінші тоқсандағы кездесуде 17 мәселе көтеріліп, тұрғындардың 5 ұсынысы орындалды. 6 мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 6 өтініш жауаптылар қарастыруда. Екінші тоқсандағы кездесуде тұрғындар 37 мәселенің орындалуы бойынша ұсыныс тастады. Оның орындалғаны – 12, ал 25 мәселе қаралуда.

Тұран ауданында да кездесуде 80 өтініш айтылған. Олардың басым бөлігі тұрғын үй (3), жер (3), жол (21), білім, мәдениет, денсаулық саласына бойынша (3), су, жарық, газ (17), кәсіпкерлік (2), абаттандыру, тазалық (17), өзге тақырып бойынша 17 мәселе көтеріп, қазір бұл бойынша тиісті басқармалар жұмыс істеуде.

Мерей Әлімбек

24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания