jasqazaq.kz

Президент тапсырмасы: Биыл еңбек келісімшарттары 100 пайыз электронды жүйеге өтеді

16 мамыр 2023, 11:20

Шымкентте жыл басынан бері еңбек инспекциясына азаматтардан 490 өтініш түскен. Нәтижесінде 98 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 5,1 млн. теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілген. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баяндады.

Сонымен қатар еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн берешек жалақысы өтелген.

– Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Шымкентте 18 кәсіпорыны «Халықтық бақылау» жобасын енгізді. Сондай-ақ, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero — Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұжырымдамаға 70 кәсіпорын қосылды. Дегенмен, өндіріс болғасын, жазатайым оқиғалар орын алады. Жыл басынан бері қала аумағында 10 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шекті. Өкінішке орай, 3 жұмыскер қайтыс болды, 8 жұмыскер ауыр жарақат алған. Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды, – дейді Бауыржан Ахметәліұлы.

Биыл Шымкентте «Еңбек жолы» конкурсы жалғасын табады. Конкурста қатысушылар өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеледі. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) анықтайды.

–Қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы өткізіліп келеді. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады. Өтінім 1 шілдеге дейін қабылданады, — деді басқарма басшысы.

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Осыған байланысты өңіріміздегі 4 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылған. Ал сақтандыру мәселесі бойынша Шымкент қаласындағы 7558 компанияның 2538-і ғана сақтандыру келісімшарттарын жасаған.

Мекеме басшысының айтуынша, жылдың соңына дейін электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлік субъектілер 100 пайыз тіркелуі тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 32 пайызды құрап отыр.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде