jasqazaq.kz

Президент тапсырмасы: Биыл 23 елді мекенге сапалы интернет тартылады

15 тамыз 2023, 21:24

Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алған. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті жүз пайыз талшықты-оптикалық және мобильді интернет желісімен қамту көзделген. Бүгінгі таңда шалғай елдімекендерге сапалы интернет жеткізу басым бағыттардың бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалада шалғай елді мекендерді толықтай интернетпен қамту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Таяуда ғана «Спец автоматика сервис» ЖШС тарапынан Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабында атқарылған жұмыстарға куә болдық. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов, қалалық мәслихат депутаты Айжан Наимбекова, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев тұрғындармен кездесіп, жоғары жылдамдықты интернеттің сапасын тексеріп көрді. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвесторлар есебінен шалғайдағы елді мекендер талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтылуда. Өткен жылы 14 елді мекен тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізген-тін.

Биыл сәуір айында 4 инвестормен меморандум түзіліп, 2023 жылы 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жасалды. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жыл аралықта тұрғын алаптар тізімі және олардың мерзімдері белгіленген. 2025 жылы қаланың шеткі аймақтарын толық талшықты-оптикалық желімен қамту көзделіп отыр. Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы.

– Жеке инвестор тарапынан «Оңтүстік» тұрғын алабында магистралді линиялар толық көлемде жүргізіліп, ішкі көшелерге жеткізу жоспарланған еді. Бұрынғы ескі жүйе бойынша тартылған кабельді интернеттің жылдамдығы төмендеу еді. Қазіргі заманауи талшықты-оптика желісінің сапасы айтарлықтай жоғары. Бұл жұмыстардың бәрі де инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Біз негізінен, қаланың шеткі аймақтарына көңіл бөліп жатырмыз. Биыл Бозарық, Асар-2, Наурыз, Агропром, Шапағат, Сайрам, шағынаудандарында жұмыстарды бастап, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, – дейді басқарма басшысы.

Сонымен, шілде айында 38 000-ға жуық тұрғыны бар «Оңтүстік» тұрғын алабы толықтай талшықты-оптикалық байланыс және интернет желісімен қамтылды. Шаһарда шалғайдағы елді мекендерде мобильді байланыс сапасын жақсарту – өзекті мәселенің бірі. 2023 жылы мобильді байланысты жақсарту бағытында тиісті жұмыстар қолға алынған. Базалық станция орнату үшін бос жер телімдері белгіленген.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста