jasqazaq.kz

Президент тапсырмасы: Әлеуметтік сала цифрлық жүйеге көшіп жатыр

30 маусым 2023, 14:16

Мемлекет басышысының Жолдауын іске асыру үшін Еңбек және әлеуметтік қолдау министрлігі «Әлеуметтік кодексін» әзірлеген болатын. «Үкіметке еліміздің Әлеуметтік кодексін әзірлеу жұмысын бастауды тапсырамын. Әлеуметтік төлемдерді цифрландыру үшін шаралар қабылдау керек. Осыған орай азаматтың «әлеуметтік цифрлы әмиянын» енгізіп, тиісті тауар өткізуші жүйе қалыптастыру қажет», деді Президент. Бүгінге келіп әлеуметтік кодексті іске асыру барысында бірқатар сала цифрлық жүйеге көшті. Атап айтқанда неке қию тәртібіне өзгеріс енгізіліп, ендігіде «Азаматтарға арналған үкімет» корпарациясы арқылы тіркеледі.

Жаңа өзгерісте некені тіркетудің тәртібі өзгермейді. Осы ретте «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалының АХАТ қызметі Мемлекеттік корпорацияға өтуіне байланысты шымкенттіктердің қалай некеге тұратынын түсіндіріп берді. 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтуіне қарамастан, некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ, шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ бэк-офисінде жүзеге асырылады.

«Некені тіркеу туралы өтінішті бұрынғыдай АХАТ бөліміне 15 күн алдын тапсыруға болады. Бірақ неке қиюды «ескі әдіспен» тіркеуден бөлек, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш берудің ыңғайлы жолы бар. Сонымен қатар, жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Дәрімбет Бәйімбетов.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда туу мен өлімді тіркеу бойынша қызметтерге төлем ақы алынбайды. Ал, ақылы қызметтерге келетін болсақ, Мемлекеттік корпорация ҚҚС төлеуші болып есептеледі. Сондықтан қосымша құнына салық қосылатын болады. Мүмкіндігі шектелу жандар азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызмет ақысынан босатылады. Сондай-ақ, АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететін болады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің, оның ішінде ХҚКО операторларының АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігі болмайды.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде