jasqazaq.kz

Президент Олжас Бектеновты қабылдады

03 шiлде 2025, 11:53

Бүгін Мемлекет басшысы
Премьер-Министрді қабылдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президентке елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.
Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады.
Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.
Мемлекет басшысына егіс науқанының аяқталуы және жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы жөнінде айтылды. Еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 миллион гектарды құрады. Шаруаларға толық көлемде қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4 пайызға өсті. Барлық өңірде оң динамика тіркелді.
Сонымен қатар энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

JQ-Aqparat
aqorda_resmi

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды