jasqazaq.kz

Президент мінберде сөйлеп тұрған мезетте оқ атылды (видео)

01 наурыз 2017, 9:53

Франция президенті Франсуа Олланд сөйлеп тұрған кезде француз полицейлері абайсызда оқ атты.

stan.kz хабарлағандай, оқыс оқиға нәтижесінде даяшы мен өзге қызметкер жараланды. Басқа ешкім зардап шекпеген.

Оқиға Францияның батысындағы Вильоньон коммунасында болған. Олланд ол жерде жаңа жылдам пойыздардың шығарылуына байланысты іс-шараға қатысқан еді. Атыс бола салысымен бірден тоқтаған президент: “Қауіпті нәрсе емес шығар деп үміттенемін” деді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, полицей қаруды сақтандырғыш режиміне қоюды ұмытып кеткен. Екі зардап шегуші де аяқтарынан жарақат алыпты. Олар ауруханаға жеткізілген. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция оқиғаға байланысты қызметтік тексеруді бастап кетті.

Францияда 2015 жылы қараша айында болған қанды терактіден кейін төтенше жағдай енгізілген болатын. Ол әлі күнге дейін алынып тасталған жоқ. 2016 жылдың қараша айында ел премьер-министрі төтенше жағдай режимінің әлі де созыла түсетінін айтқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде