jasqazaq.kz

Президент ұлына қаланы қалай басқару керектігі жөнінде бес кеңес берді (видео)

20 ақпан 2017, 10:48

Қаңтар айында «Бейбітшіліктің және бірліктің негізін қалаушы» және «Ұлт лидері» Эмомали Рахмон ұлын Тәжікстан астанасы Душанбе мэрі етіп тағайындаған. Отызға толмаған Рустам Эмомали ТМД елдері ішіндегі ең жас әкім болып саналады.

 Оның әкесі, Тәжікстан президенті бір отырыс кезінде оған елді қалай басқару керектігі жөнінде бес кеңес берді. Бірінші кеңесі әрқашан талапшыл бол деді. «Тапсырған бұйрықтарыңның орындалуын қадағала. Сен жассың, өте жассың. Мен сенің жасыңда совхоз директоры болғанмын», — деді Эмомали Рахмон.

Ол әрі қарай әкімнің құзыреті жөнінде айтты. «Ешкім сені басып тастай алмайды. Кімді жұмысқа алу, алмау жөнінде бұйрық бере алмайды. Сол үшін де мен сені тағайындадым», — деп атап өтті Эмомали Рахмон.

Үшінші, халық үшін бағаны төмендетуге кеңес берді. Президент Рустам Эмомалиді азаматтарға лайықты жұмыспен, қоғамдық көлікпен және электр жарығымен қамтамасыз ет деді.

Президенттің төртінші кеңесі: қарамағыңдағы адамдармен дөрекі сөйлеме, олармен мәдениетті тілде сөйлес.

Соңында президент мэрге бизнес өкілдерінің үйінде түскі ас ішуші болма деді. «Мейрамханаға барма. Жұмысшылардың, қарттардың және жесірлердің үйінде тамақ іш. Олар саған дастарқанына барын қояды, мәз болады. Олар өзінің үйіне сенің келгеніңді мәртебе санайды», — деді Эмомали Рахмон.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде