![]()
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының жетекшісі Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының болашақтағы даму үдерісі талқыланды.
Фото Ақорда сайтынан алынды.
JQ-Aqparat