jasqazaq.kz

Президент қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

31 мамыр 2023, 14:09

Алматыға жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев орталықта құжаттарды сақтау шартымен, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және микрофильмдеу кабинеттерінің жұмысымен танысты.Сонымен қатар Мемлекет басшысына өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар бойынша жүргізілген жұмыстардың экспозициясы көрсетілді. Президенттің Жарлығымен 2020 жылдың қараша айында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды.

ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан беріледі.
Орталық таяу уақытта барлығы 715 мыңға жуық істі қабылдап алады деп жоспарланып отыр. Мұнда құжаттарды құпиясыздандыру, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Оларды зерттеу және ғылыми айналымға енгізу үшін тиісті жағдай жасалған.Қазіргі уақытта тарихшы-ғалымдар мен орталық қызметкерлері «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдықты баспаға дайындап жатыр. Бұл басылым ХХ ғасырдағы Қазақстанның саяси тарихының ғылыми көкжиегін кеңейтеді.
Орталықтың қорында 1 миллион 132 мың іс сақталған.

Мемлекет басшысы тарихымызды зерделеу ісінде Орталықтың жұмысы маңызды екенін атап өтіп, ұжымға сәттілік тіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті