jasqazaq.kz

Президент: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс

13 қыркүйек 2025, 12:16

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы өздерінің экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біздің еліміз де осы көштен қалмауы керек. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс» деуі – осы жауапкершілікті сезінуден туған сөз.

Кітапхана саласына келсек, цифрландыру біз үшін ерекше маңызды. Көпшілік кітапхана тек кітап сақталатын орын деп ойлайды. Ал іс жүзінде ол – білім мен мәдениеттің қазынасы. Бүгінде біз оқырмандарға тек қағаз кітап ұсынумен шектелмейміз, электронды кітаптар қорын дамытып, түрлі онлайн платформалар арқылы адамдарға кез келген уақытта, кез келген жерден ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беруге тырысамыз. Егер мемлекетіміз цифрлық елге айналса, бұл процесс әлдеқайда жылдам жүреді. Мысалы, жасанды интеллект арқылы оқырманға жеке-жеке кітап ұсыныстары берілсе, әр адам өзіне сай бағытта дамуға мүмкіндік алады. Бұл – болашақ кітапхананың бейнесі.

Президент айтқандай, тұрақты даму мен қауіпсіздік – тек экономикаға қатысты нәрсе емес. Ол халықтың ой-санасына, мәдениетіне де тікелей байланысты. Ұлттық құндылықтарымызды да ұмытпауымыз керек. Қазақ әдебиетін, мәдениетін, тарихын цифрлы форматқа көшіру арқылы біз оны келер ұрпаққа сақтап қана қоймай, бүкіл әлемге таныта аламыз. Сондықтан, Президент Жолдауында айтылған мақсаттарды толық қолдаймыз. Кітапхана саласының жанашыр ретінде цифрлық дәуірге сай қызмет етуге, оқырмандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға дайынбыз. Ең бастысы – технология халыққа қызмет етіп, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосуы тиіс. Сол кезде ғана біз «цифрлық Қазақстан» боламыз».

Анар ЖАППАРҚҰЛОВА, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін