jasqazaq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрін қабылдады

02 сәуiр 2025, 16:20

Кездесуде отын-энергетика кешенін дамыту, мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысы, биыл мұнай өңдеу көлемін 17,6 миллион тоннаға жеткізу, мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ негізгі жобалар белгіленді. Олар:
* Қашаған, Қарашығанақ және Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарын салу.
* «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбырының екінші желісін және «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын жүргізу.
* 2035 жылға қарай қуаты 26 ГВт-тан асатын жаңа генерациялау кешендерін іске қосу .
Президент мұнай-газ, мұнай-газ химиясы және электр энергетикасы салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру, энергетикалық қауіпсіздік сақтау, тұрғындар мен өндірістік нысандарды қуат көзімен тұрақты қамтамасыз ету, инвестициялық климатты жақсарту және геологиялық барлауға стратегиялық инвесторларды тарту туралы тапсырма берді.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі