jasqazaq.kz

Президент Қасиетті Тақтың басшылығын Астанаға шақырды

19 қантар 2024, 18:09

Мемлекет басшысы Қасиетті Тақтың мемлекеттермен байланыс жөніндегі Хатшысы Пол Ричард Галлахермен кездесті.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Қасиетті Тақтың Хатшысымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен өте мазмұнды әрі нәтижелі жүздесу болғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Ватиканның дәйекті қолдауының арқасында Қазақстан өткізіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері діни қауымдар арасында өзара түсіністік пен құрметті нығайтатын маңызды алаңға айналды.
Президент Католик шіркеуі басшысының елімізге жасаған тарихи сапарының бейбітшілікті насихаттау, бірлікке шақыру тұрғысынан символдық мәні болғанын еске салып, бұл сапар тек Қазақстандағы католик қауымының ғана емес, өңірдегі басқа да дін өкілдерінің арасында кең қолдау тапқанын атап өтті.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің Қасиетті Тақпен білім беру, денсаулық сақтау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес салалары бойынша өзара байланысты нығайтуға айрықша мән беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ғалымдардың Ватикан кітапханасы мен Апостол архивіндегі тарихи материалдарды тегін зерттеуіне мүмкіндік бергені үшін архиепископ Пол Галлахерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Президент Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Ватикан Bambino Gesu педиатрлық госпиталі арасындағы ынтымақтастықты құптады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбітшілікті, өзара құрметті нығайту үшін этносаралық және конфессияаралық келісімге бейілді екенін тағы да растады.
Кездесу соңында Президент Қасиетті Тақтың басшылығын Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезіне қатысуға шақырды.
JQ-Aqparat

Суреттер: Aqorda.resmi

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі