jasqazaq.kz

Президент Еуроодақтың Жоғарғы өкілімен кездесті

28 наурыз 2025, 13:42

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесті.

Aqorda_resmi жазғандай, кездесуде еліміздің Еуропа Одағымен сан қырлы ықпалдастығының перспективасы талқыланды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарына, атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды көздейтін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кая Калластың айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы елдердің бірі. Бұл екі жақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Ол Еуропалық комиссия мен Қазақстан арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімді бекіту үдерісі басталғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы қазақстандықтар аталған жаңалықты өте жылы қабылдағанын атап өтіп, бұл қадам еуропалық елдермен жеке және іскерлік қатынастарды нығайтуға мол мүмкіндік беретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кая Каллас халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы жаһандық тұрақсыздықты ескере отырып, әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде байыптылық пен жауапкершілік танытудың айрықша маңызға ие екенін айтты. Президенттің пікірінше, Қазақстан барлық өзекті халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды дипломатиялық келіссөздер арқылы шешуді берік ұстанады.
Кездесуде «Орталық Азия – Еуропа Одағы» форматындағы ықпалдастықтың жай-күйі қаралды.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі