
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердуанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады.
«Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
Кеше Түркияда өткен президент сайлауында Режеп Тайип Ердуан 52,2 пайыз дауыс алып, президент болып сайланды.
JQ-Aqparat