jasqazaq.kz

Президент Digital Bridge форумындағы көрмеге барды

12 қазан 2023, 14:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған көрмеге барды.

Мемлекет басшысы дәстүрлі Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы аясында ұйымдастырылған роботты техника, Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ Kaspikz, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Astana Hub, Freedom Bank, MyCar және тағы да басқа ұйымдардың көрме стендтерін аралап көрді.

Роботты техника аймағында Мемлекет басшысы көптеген жарыстарда жеңімпаз атанған роботты техникадан Қазақстан құрамасының мүшелерімен әңгімелесті және Ustem Foundation, Alem School, MakerSpace жобаларымен танысты.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президентке жекелеген екінші деңгейлі банктер мен компаниялар өздерінің платформалары арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасап отырғанын баяндады.

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары, соның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің «QR арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуды растау» (eGov mobile қосымшасындағы еДенсаулық) жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар Президентке Astana Hub жобалары, Google for Startups, Draper University, Tech Orda, Silkroad innovation hub, өңірлік IT Hub бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жасанды интеллект негізінде кеңес беріп, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін «AiGov» чат-боты жобасын көрсетті.

Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының цифрлық шешімдері және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік пен арнайы техника жұмысына ашық мониторинг жүргізуге арналған «Сапарларды басқару» жобасы туралы айтылды.

Мемлекет басшысы көрмеге қатысушыларға өздерінің цифрлық жобаларын табысты жүзеге асыруына тілектестік білдірді. Президент еліміздегі цифрландыру үрдісі тек бір саланы ғана жетілдіруге емес, сонымен қатар жалпы экономикамыз бен қоғам өмірінде елеулі өзгерістер жасауға бағытталғанын атап өтті.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры