jasqazaq.kz

Президент: ДДҰ бастамасына қолдау көрсетуге дайынбыз

23 қазан 2023, 14:28

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады.
Aqorda.resmi Телеграм-каналы жазғандай, Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, еліміз ең маңызды ұйымның бірі саналатын ДДҰ-мен халықаралық деңгейде нәтижелі қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті. «Еліміз әрқашан Сіздің қызметіңіздің табысты болуына септігін тигізеді. Қазіргідей күрделі жағдайда ДДҰ-ны басқару өте қиын екенін білемін. Бұл – нағыз сынақ. Сізге әлемдегі көптеген  ел мен делегаттардың түрлі пікірлеріне құлақ асып, тиімді шешім табуға және мәміле жасауға тура келеді. Сізге табыс тілеймін. Біз өз тарапымыздан Сізге әрдайым көмектесеміз және қолдау көрсетеміз», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейін аталған саланы қалыпқа келтіру, халық денсаулығын сақтау ісіндегі негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға Қазақстанның белсенді түрде кіріскеніне назар аударды.
Президент ДДҰ жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан тиісті бастамаларға толық қолдау көрсетуге еліміздің дайын екенін нақтылады.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде халықты денсаулық сақтау қызметімен толық қамтуға, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуге, сондай-ақ туберкулез эпидемиясын толықтай жоюға ниетті.
JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры