jasqazaq.kz

Президент БҰҰ бас хатшысының көмекшісін қабылдады

17 сәуiр 2023, 14:06

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысы жоғары лауазымды дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан оның бұл сапары маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді.
Бұдан бөлек, олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке сәлемін жолдады» деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура