jasqazaq.kz

Президент: Бұл жарқын мейрам рухани тазарып, жаңаруға үндейді

20 сәуiр 2025, 8:10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады.
Aqorda.resmi Телеграм-каналында жарияланған құттықтауда былай делінген:
«Құрметті отандастар!
Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.
Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.
Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.
Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!
Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!».
JQ-Aqparat
aqorda_resmi

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі