jasqazaq.kz

Президент балуандарды құттықтады

15 сәуiр 2023, 14:39

Астана қаласында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында орасан жетістікке жеткен балуандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Сіздер байрақты бәсекеде топ жарып, ел абыройын асқақтаттыңыздар. Боз кілемде жеңіске деген ерік-жігер мен шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйладыңыздар. Бұл – табандылық пен қайсарлықтың, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз. Еліміз күрес өнерін дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Балуандарымыздың дүбірлі додаларда үздіктер қатарынан көрінуі – соның айқын дәлелі» делінген Президенттің құттықтау хатында. Сонымен қатар спортшылар алдағы уақытта болатын әлем чемпионаты, жазғы Азия ойындары, келесі жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындары сынды аламандарда ел үмітін ақтайтынына сенім білдірді.
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 9-14 сәуір аралығында Астанада Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Құрлық чемпионатында медаль алған балуандар мен оларыдң бапкерлеріне де ақшалай сыйақы тағайындалатын болды. Медаль саны бойынша еліміздің балуандары Азия чемпионатында алдыңғы орыннан көрінді.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура