jasqazaq.kz

Президент: Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді

01 наурыз 2025, 10:08

Бүгін күллі мұсылман қауымы ауыз бекітеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз құ ықтауында:
«Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.
Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.
Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!
Баршаңызға бақ-береке тілеймін!
Ниет қабыл болсын!» — деді.
JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді