jasqazaq.kz

Президент альпинист Анар Борашеваны қабылдады

01 маусым 2024, 16:11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анар Борашеваны әлемдегі ең биік Эверест шыңын қазақ қыздарының арасынан бірінші болып бағындыруымен құттықтады.
Президент оның осынау айтулы жетістігі жастарды спортпен шұғылдануға жігерлендіргенін айтты. Мемлекет басшысы спорттың мұндай қиын әрі қауіпті түрімен айналысу үшін асқан ерік-жігер, төзімділік, сондай-ақ психологиялық және физикалық дайындық керек екеніне назар аударды.
Анар Борашева тауға өрмелеумен 2015 жылдан бері айналысып келе жатқанын, ал альпинизмнің қыр-сырын кәсіби түрде соңғы 4 жыл ішінде меңгергенін айтты. Эверестке дейін ол көптеген шыңды бағындырып үлгерген. Оның ішінде Альпі тауларындағы Монблан шыңы мен Африкадағы ең биік Килиманджаро тауы бар.

Альпинист алдағы уақытта әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына Эверест шыңына алып шыққан Қазақстан туын сыйға тартты.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортшылар әртүрлі халықаралық додаларда ел намысын лайықты деңгейде қорғап жүргенін атап өтіп, Анар Борашеваның алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
JQ-Aqparat
Сурет: Аqorda_resmi

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі